Ақтауда лаңкестік жасамақ болған тұрғын ұсталды

Бүгін Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура қызметкерлерімен бірге терроризм жасауға дайындалған жергілікті тұрғынды ұстағанын мәлімдеді.

Күдікке ілінген азаматтың үйін тексеру барысында қауіп тудыратын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған заттай айғақтар табылған.

«Ұсталған азамат бұрын кісі өлтіргені үшін сотталып, радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде тіркелген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Әзірге құзырлы орында лаңкестік оқиғасын жасамақ болған Ақтау тұрғынына қатысты ақпараттарды таратқан жоқ. Бұған қатысты қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылып отыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте