Алматы облыстық Төтөнше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 наурыз күні сағат 00:20-да Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты топырақ батпақтанып, салдарынан тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына сырғыма түсті.
«Түскен топырақ үйдің терезесін сындырып, зақым келтірді. Сырғыманың болжамды көлемі 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады», - деп хабарлады департаменттен.
Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes