Алматыда тағы жер сілкінді: Қуаты — 2 балл

Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы — 12.6.

Магнитудасы — 5.4.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.

Еске сала кетейік, 4 наурыз Алматыда 5 балдық зілзала болған еді.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабатта негізгі іргелі қабырғалардың бұрышынан орын тауып жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабатта);
  • Көпқабатты үйде жер сілкініп болған соң ғана ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында су, газ, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл шабаданын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  • Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте