ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Моңғолиямен ынтымақтастығының келешегі талқыланды

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін талқылады.

Ағымдағы жылға жоспарланған түрлі деңгейлердегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте