Алматыда бір түнде 3,8 мың текше метр қар шығарылды

Алматының коммуналдық қызметтері түнімен қар тазалады.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қалада жауған қардың биіктігі 10 см дейін жетті.

«Алматыда 1 ақпан сағат 22:30-дан басталған қар бүгін түске дейін жауады деп болжануда.Түнгі уақытта 426 бірлік арнайы техника мен 278 жұмысшы жұмылдырылды. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауғанға дейін негізгі көшелер сұйық реагенттермен өңделді»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Таңғы сағат 05:00-тен бастап 149 шағын көлемді техниканың көмегімен тротуарлар мен қоғамдық орындарда қар күреліп жатыр. Түнгі уақытта 3,8 мың текше метр шығарылды.

«Таңғы сағат 08:00-ден бастап 452 бірлік арнайы техника, оның ішінде 174 шағын көлемді техника мен 1183 жұмысшы қар күреуге тартылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте