Загреб қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысы өтті
Хорватия
ҮАК-ның (үкіметаралық комиссия) қазақстандық бөлігінің тең төрағасы – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ал Хорватия тарапынан – Хорватия Республикасының Экономика және тұрақты даму министрі Дамир Хабиян болып табылады.
Жиын барысында тараптар сауда, энергетика, көлік, инфрақұрылым, машина жасау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, электрондық өнеркәсіп, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Хорватияның мемлекетаралық байланыстары көптеген бағыт бойынша тұрақты болып табылады. 2023 жылдың қаңтар және қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $335,4 млн. құрады.
ҚР ҰЭМ басшысы өз сөзінде тауар айналымын арттырудың айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Осыған байланысты екі елдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Хорват Іскерлік кеңесі мен Бизнес-форумын өткізу сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін бермек. Бұл шаралар жақын арада Загреб қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Ә.Қуантыров қазіргі жаһандық геосаяси жағдай контекстінде Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ/Орта дәліз) дамытудағы шешуші рөлін атап өтті.
-Хорватиялық бизнесті Ақтау және Құрық сияқты Каспий теңізінің порттарын қоса алғанда, Орта дәліз бойындағы логистикалық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырамыз, - деді министр.
Энергия көздерін тасымалдау саласында өзара байланыстың өрісі кеңеюде. Тараптар Хорватияның «Janaf» мұнай құбыры арқылы Шығыс Еуропа елдеріне қазақстандық мұнай экспортының көлемін арттыруға мүдделі екендіктерін білдірді.
Экспорт көлемін арттырудың бір жолы Крк аралын (Хорватияның солтүстік бөлігі) энергиямен қамтамасыз ету. Сонымен қатар оны Адриатикалық мұнай құбыры арқылы Хорватияның қалған бөлігіне, Венгрияға, Сербияға және Словенияға одан әрі тасымалдау.
Бұған қоса машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларында ынтымақтастықты арттыру мен іскерлік байланыстар орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осыған байланысты, қазақстандық тарап аграрлық секторда бірлескен инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Шара соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша арадағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысының Хаттамасына қол қойылды. Комиссияның 2-ші отырысы Астана қаласында өтеді.
ҮАК басталғанға дейін Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров өзінің хорват әріптесі А.Хабиянмен кездесу өткізді.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»