«ҚазАвтоЖол» компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары ұсталды

QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте