Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол компаниясы.
Абай облысында — бір учаске
«Алматы-Өскемен» тасжолының 615-683 шақырым аралығы, Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылына дейін.
Жетісу облысында — 2 учаске
«Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін — 100 км;
«Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы, 58 км.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылған.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes