5 облыста 10 автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Ақмола облысында - 1 учаске:
1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ауылынан - Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:
1."Өскемен-Шемонайха-РФ шек." автожолының 105-123 шақырымы, Шемонайха қаласынан - РФ шекарасына дейін -18 км.

Қарағанды облысында - 5 учаске:
1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы. Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау қаласына дейін, 73 км.
2. "Екатеринбург - Алматы" автожолының 1505-1854 шақырымы. Новостройка аауылынан - Балқаш қаласына дейін, 349 км.
3. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 104-266 шақырымы. Нұра қаласынан -Теміртау қаласына дейін, 162 км.
4. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1445-1459 шақырымы. Теміртау қаласынан-Қарағанды қаласына дейін, 14 км.
5. "Бастау-Ақтау-Теміртау" автожолының 0-53 км, Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін, 53 км.

Қостанай облысында - 1 учаске:
1. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-335 шақырымы. Ұлытау облысының шекарасынан - Арқалық қаласына дейін, 83 км.

Ұлытау облысында - 2 учаске:
1. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 64-137 км. Жезді ккентінен Ұлытау ауылына дейін, 73 км.
2. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252 км. Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 115 км.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте