Литва Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Көлік вице-министрі Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті.

Сәтжан Аблалиев пен Эгидиюс Навикас екі ел арасындағы көлік және логистика, халықаралық автотасымалдар, сондай-ақ азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін талқылады. Әңгіме барысында теміржол және автокөлікпен жүктерді тасымалдау көлемінің оң динамикасы атап өтілді.

Тараптар келесі жылдың I тоқсанында Вильнюс қаласында Қазақстан мен Литва арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі алдағы үкіметаралық комиссия шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстандағы Литва дипмиссиясының басшысы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қызығушылық білдірді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте