Қазақстан PISA рентингінде математика және жаратылыстану пәндері бойынша топ-50 елдің ішіне кірді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Білім алушыларды бағалау жөніндегі PISA-2022 халықаралық бағдарламасының нәтижелерін жариялады. Онда 81 мемлекеттен қатысқан 15 жастағы білім алушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығының деңгейі бағаланды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі хабарлады.

Қазақстандық оқушылар жаратылыстану пәні бойынша өз көрсеткіштерін 26 ұпайға көтерді. Сол арқылы қатысушы мемлекеттер арасында ең жоғары өсімге қол жеткізді және математика мен оқу көрсеткіштерін ЭЫДҰ-ның сегіз елімен бірдей деңгейде сақтап қалды. Бұл Қазақстанның математика және жаратылыстану бойынша ТОП-50 елдің ішіне кіруіне мүмкіндік берді.

Қазақстан 81 елдің ішінде математикадан 46-шы (2018 ж. 54-орын), оқудан 61-ші орын (2018 ж. 69-шы), жаратылыстану пәні бойынша 49-шы орынды (2018 ж. 69-шы) иеленді.

Айта кету керек, PISA-2022 нәтижелері бойынша еліміздегі қала мен ауылдық жерлердегі оқушылар арасындағы білім сапасының алшақтығы азайғаны байқалады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте