Жыл қорытындысы бойынша ШҚО-ның жалпы өңірлік өнімі 4,4 трлн теңге болады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың брифингі өтуде. Өңір басшысы облыс жылды қандай әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтайтынын айтты.

- Облыстың жалпы өңірлік өнімі жыл қорытындысы бойынша 3% өсіммен 4,4 трлн теңгені құрайды деп күтілуде. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 9%-ға, ауыл шаруашылығы 5%-ға, негізгі капиталға салынған инвестиция 7%-ға артады, – деді аймақ басшысы.

Бұл ретте облыста жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде қалды, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орны.

Биыл облыс бюджеті 496,4 млрд теңгені құрады. Әкімнің айтуынша, бюджет шығыстарының жартысы әлеуметтік салаға, қомақты қаражат агроөнеркәсіптік кешенге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте