Қазақстан жаңалықтар
28 ноября 2023, 12:49
Президент Того Республикасының басшысын Ақордада қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы бұл сапардың мәні мен маңызы туралы айтты.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes