Президент Самұрық-Қазынаның» Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын кеңесін таратып жіберді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма кеңесін таратып жіберді.

«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президенті қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін құжатқа қол қойған.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы заңда 6-1-бап (қорды басқару жөніндегі кеңес) алынып тасталсын» делінген жаңа құжатта.

Қорды басқару жөніндегі кеңес – қор қызметінің бәсекеге қабілеті мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган еді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте