ЕАЭО-да еуразиялық интеграцияның мүше мемлекеттердің экономикасына әсерін бағалау енгізіледі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикаларын дамытуға интеграциялық процестердің әсерін бағалау әдістемесі әзірленуде, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «шығындар-шығару» елдік және еларалық кестелердің құрал-саймандарын пайдаланатын болады.

Осы әдіснаманы пайдалана отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграцияның жиынтық әсерінің есептеулері жүргізіледі.

Сондай-ақ, ол ЖІӨ-ге тауарлар мен қызметтердің өзара саудасы, өзара инвестициялар және еңбек ресурстарының көші-қоны көрсеткіштерінің үлесін есептеуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО-ның «бестік» тәжірибесін зерделеу мен пайдалануды кейіннен ұлттық салааралық теңгерімді есептеу кезінде қолдануға болады, сондай-ақ ұлттық экономикалардың және тұтастай ЕАЭО-ның дамуын бағалау үшін Әдістеменің қажеттілігі жоққа шығарылмайды.

Бүгінгі таңда әдіснама жобасын сараптамалық талқылау жүргізілуде.

Әдістеменің өзін бекіту биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте