17 қазанда күн ашық, үш градусқа дейін қатқақ болады


Қазгидромет синоптиктері 17 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады.
Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте