Қазақстан жаңалықтар
15 октября 2023, 11:30
Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.
«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes