Көкшетау әуежайының директоры тағайындалды

"Н. Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов  Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ – "Көкшетау әуежайы" филиалының жаңа директоры Ерлан Құсайыновты таныстырды.

Құсайынов Ерлан Қажығалиұлы, 2012 жылы "Фемида" заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы "Көкшетау авиакомпаниясы"АҚ-да бастаған.

2014 жылдан 2019 жылға дейін - "Көкшетау авиакомпаниясы" АҚ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020 жылы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ – "Көкшетау әуежайы" филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды.

Кездесуде сондай-ақ әуе айлағын дамыту перспективалары және халықаралық рейстерді іске қосу және Қазақстан бойынша маршруттарды ұлғайту мүмкіндігі талқыланды.

Айта кетейік, Көкшетау әуежайында Ақтау, Шымкент және Алматы қалаларына тұрақты авиарейстер орындалады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте