Қытай-Қазақстан халықаралық индустриялық қала жобасы құрылыс жұмыстарын бастады

«Қытай-Қазақстан халықаралық индустриалды қаласы» ЖШС жобасы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА қазу жұмыстарын жүргізуді бастады. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың бірінші кезеңін бастады, оның ішінде инженерлік желілер мен магистральдық көшенің құрылысы бар.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қарашасынан бастап инвесторлар АЭА аумағынан тыс әкімшілік ғимараттар мен қонақүй нысандардың алғашқы құрылысын бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты индустриалды парк салу, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да өндірістік және логистикалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.

Жобаның құны 330 млрд теңге. Жақын елді мекен тұрғындары үшін 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте