10 қазанда елімізде күн райы қалай болады

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Казақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша екпінді жел, ҚР батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте