«Ертіс орманын» заңсыз отау: Лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

Павлодар облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағында орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру шараларын өткізген.

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен “Ертіс орманы” резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді. Полицейлер “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту жүргізді.

«Тінту кезінде құжаттамадан басқа (шот-фактуралар, ілеспе құжат, есептілігі жүргізілмейтін орманды отауға қатысты және өзге де құжаттар), атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін», - делінген мәліметте.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте