Эмомали Рахмон Қазақстан президентін мемлекеттік резиденциясында қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «Кохи Сомон» мемлекеттік резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

Санаулы минуттардан кейін екі ел басшыларының кездесуі басталады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған. Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр. Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте