Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді - Қазгидромет

12 қыркүйек күні терең, белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай тудырады. Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте