Ақтөбе облысында көлік аударылып, бес айлық нәресте қаза тапты

 Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қайтыс болды, деп хабарлайды полиция.

11 қыркүйек сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашилі аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахан автожолының 127-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған.

Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған.

Апат салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында көз жұмды, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте