БҚДА мен ЭЫДҰ ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Аппарат басшысы Алмас Исаковтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) миссиясымен, ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы мемлекеттің қатысуымен Заңды тұлғаларды корпоративтік басқару бойынша ауқымды шолу жүргізу шеңберінде кездесуі өтті.

Миссияны Корпоративтік басқару және корпоративтік қаржы басқармасы басшысының орынбасары және аға экономисі Ханс Кристиансен, сондай – ақ корпоративтік басқару бөлімі – Қаржы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі басқарма саясатының талдаушысы Талиса Цур Хаузен басқарды.

Тараптар елдің бәсекелестік саясатының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ корпоративтік сектордағы монополияға қарсы реттеудің өзекті мәселелерін талқылады.

Аталған кездесу ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Анықтама: Мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды корпоративтік басқару бойынша шолу елдің корпоративтік басқару жағдайын бағалауға бағытталған. Шолу қорытындылары Қазақстанның ЭЫДҰ-ның мемлекеттік компанияларды корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылу ниетін қарау нәтижелеріне әсер етеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте