ҚР Сыртқы істер министрлігінде Палестинамен ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Палестинаның Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Әбу Зейдпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Палестина қарым-қатынастардың кең ауқымды өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтауға уағдаласты.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте