Отандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды

Каспий теңізінде жүк тасымалын дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ, қазақстандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайғандығын айта кеткен орынды

Осылайша 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12%-ды құрады. Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр. Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%.

Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте