Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлайды.

«29 тамызда 9 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штабтың ресми хабарламасында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте