Биыл резидентураға бөлінген гранттар саны 2500-ге дейін өсті

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын.

Үкіметтің мәліметінше, осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.

«Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:

Акушерлік және гинекология – 214

Анестезиология және реаниматология – 200

Неонатология – 119

Терапия – 115

Жалпы хирургия – 98

Неврология – 92

Психиатрия – 88

Оториноларингология – 83

Кардиология – 78

Офтальмология – 66

Жұқпалы аурулар – 63

Травматология-ортопедия – 62

Эндокринология – 55

Қалғандары – 1167». - деп жазды ведомстводан.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте