Теміржолшылар үшін қашықтағы разъездерде жылжымалы-блокты ғимараттар орнатылады

Желілік кәсіпорындар өндірістік персонал қызметкерлерінің тиісті демалысын қамтамасыз ету ҚТЖ басым мәселелерінің қатарында, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 

Жұмыскерлердің вахталық бригадаларының тұруы үшін қолданыстағы модульдік ғимараттарды жаңарту шеңберінде 534 жылжымалы-блокты ғимараттарды сатып алу жоспарлануда, олар алыс разъездерде және жақын маңда тұруға арналған кенттер жоқ станцияларда орнатылатын болады.

Сатып алынатын жылжымалы-блокты ғимараттар қажетті жабдықтармен (ауа баптағыш, су жылытқыш, электр плитасы және т.б.), тамақ ішуге және демалуға арналған жиһаздармен, ыдыс-аяқтармен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілетін болады.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте