Алматылықтар 15 шет тілін саябақта тегін үйрене алады

Алматылықтар 15 шет тілін саябақта тегін үйрене алады

Алматыда қала тұрғындарын шет тілдеріне оқыту жобасы басталады, деп хабарлайды әкімдік.

«Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жоба қатысушылары шет тілдерін тегін оқи алады.

Сабақ қала саябақтарында бейресми жағдайда өтеді. Жас санаты – 6 жастан 60 жасқа дейін.

Курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Таңдау көп: 15 шет тілі бар.

Оқу біткен соң барлық белсенді қатысушыға сертификат беріледі.

Осы маусымда 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерінен басқа саябақтарда қазақ тілі сабақтары өтеді.

Жобаны Алматы әкімдігі, жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте