Өскеменде электрлік кептіргіштің кесірінен тоғыз қабатты үйде өрт шықты

Өскеменде электрлік кептіргіш тоғыз қабатты үйдегі өртке себепкер болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру есептоптары таңғы сағат 4 шамасында бесінші қабаттағы үйлердің бірінде болған өртке дереу жіберілді.

Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді.

Өртті жоюға барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте