Кішкентай футболшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Астанада 12 жасқа дейінгі спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Үздік команда атағы үшін Қазақстанның 12 өңірінен: Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарынан 250-ден астам спортшы таласады.Астана қаласы әкімдігінің №8 балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Дінмұхаммед Құрамаев аталмыш турнирге өз бағасын берді:«12 жасқа дейінгілер арасында ұйымдастырылып жатқан Қазақстан чемпионатың деңгейіне разымын. Жасөспірімдер арасында көп турнир болған сайын, шәкірттеріміздің деңгейі артатыны сөзсіз. Маған ең ұнайтыны — 12 жасқа дейінгі футболшылар эмоцияға ерік беріп, шынайы ойнайды», – деді ол.

Турнир 17-25 тамыз аралығында «Жас батыр» стадионында өтеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте