Алматыда 7 млрд теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда құны 7 млрд теңге тұратын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды  қала прокуратурасы.

Мәлім етілгендей, Алматы шекарасы кеңейтілген 2014 жылы Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Сол кезде «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Алматы облысы Қарасай ауданындағы құны 7 млрд теңге болатын 30,9 га жерді қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

«Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енген жоқ», - делінген прокуратура хабарламасында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте