Әлібек Бақаев Аустрия және Словениядағы елші қызметтерінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабаралайды.

Айта кетейік, бүгін президент Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте