Астана - Жітіқара бағытында пойыз жүретін болды

 3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады. Бұл бағыт Қостанай облысы тұрғындарының өтініштері бойынша ұйымдастырылған, деп хабарлайды  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Астана-Жітіқара» бағыты бойынша жүретін вагондар 104 орынға есептелген және күн ара қатынайтын болады.

«Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, «Жітіқара» станциясына жұп күндері сағат 15:56-да жетеді.

Жітіқарадан сағат 18:14-те жұп күндері кері қайтып, тақ күндері елордаға сағат 12:46-да келеді. Пойыз маршруты Көкшетау және Қостанай қалалары арқылы өтетін болады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте