Астанада мектеп тауарларының жәрмеңкелері өтеді

12 тамыздан бастап Астанада мектеп құралдарының жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Жәрмеңкелер айдың соңына дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтіп тұрады: атап айтқанда 12, 13, 19, 20, 26, 27 тамызда.

Өтетін орындары:

1) Нұра ауданы, Цирк ғимараты алдындағы тұрақ;

2) Байқоңыр ауданы, «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы;

3) Сарыарқа ауданы, Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;

4) Есіл ауданы, Ботаникалық бақтың тұрағы;

5) Алматы ауданы, Абылай хан даңғылы, 20а.

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілерді қатыстыру жоспарланған. Сондай-ақ жергілікті шеберлер мен қолөнершілер өз өнімін ұсынады деп көзделген.

Кәсіпкерлер тұрғындарға қолайлы баға ұсыну үшін сауда орындары тегін ұсынылмақ.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте