Футбол қақпасы құлап, баланың қайтыс болуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Футбол ойыны кезінде 10 жасар баланың басына қақпа құлап, оқиға орнында қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«7 тамызда полицияға мектеп алаңында футбол ойнап жүрген баланың басына темір конструкция құлап, салдарынан оның сол жерде қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, елорда полициясынан ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны ескертілді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте