Қазақстанға биыл тағы 11,5 мың электромобильді жеңілдікпен әкелуге болады
Ел аумағына жолаушылар кедендік декларациясы бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 3 442 электромобиль әкелінді. Жыл соңына дейін тағы 11 558 электромобиль әкелуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №39 шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерді бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген болатын. ЕЭК шешіміне сәйкес, биыл 15 мың электромобильді жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілген.
Айта кетсек, қазір Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатыр.
Вам может быть интересно: «Генерал Тчиани объявил себя председателем «переходного совета» в Нигере»