Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», - делінген хабарламада.
Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді.
Айта кетейік, 14 маусымда Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды.
Еске салсақ, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада 97 қазақстандық спорттың 28 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде 8 қола медаль жеңіп алды.
Вам может быть интересно: «Генсек ООН заявил о наступлении «эпохи глобального кипения» из-за рекордной жары июля»