Қазақстан жаңалықтар
26 июля 2023, 14:51
Петропавлда мұғалім бейнекамера жоқ жерде оқушыларға діни жиын өткізген
Петропавл қаласының аумағында СҚО ПД қызметкерлері қалалық мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Рolisia.kz.
28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
«ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», – деп жазылған хабарламада.
Вам может быть интересно: «Индия связывает колебания цен на овощи с климатическими катастрофами»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter