Анасын ұрып өлтірді деген күдікпен Павлодар тұрғыны іздестірілуде
Павлодар тұрғыны анасын ұрып өлтірді деп күтіктелуде. Оны іздестіру шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды Рolisia.kz хабарлайды.
Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде пәтерден әйелдің мәйіті табылды. 66 жастағы баспана иесінің денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері болған. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Сараптама тағайындалды. Қылмысты ұрлық үшін бұған дейін сотты болған ұлы жасады деп күдіктелуде. Қазір оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Полиция еске салып өткендей, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып табылады.
Вам может быть интересно: «Требование ряда стран ЕС продлить запрет на импорт украинского продовольствия неприемлемо - МИД Украины»