«Ұлттық сараптама орталығы» филиалының басшысы пара берді деген күдікке ілінді
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасары С. Байгабуловқа осы ұйымның Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пара бергені анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
«2023 жылғы 14 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байгабуловқа қатысты ұсынысын қарады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында А. Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы С. Байгабуловқа («Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасарына) ақша қаражатын бергені анықталды» делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, С. Байгабулов 2023 жылғы 18 мамырдағы №18Ж/Қ бұйрығына сәйкес «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын.
Кеңеске қатысушылардың басты назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қатаң сақтау және өзінің қызметтік міндеттерін адал орындаудың қажеттігіне аударылды.
Вам может быть интересно: «Комплексный план мероприятий по противодействию теневой экономике утвердили в Казахстане»