Қазақстанға еңбек мигранттарының дені Қытайдан келеді

 1 шiлдедегi жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетелдік еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

- Қытай – 3 729 адам (25%);

- Өзбекстан – 1 967 адам (13%);

- Үндістан – 1 461 адам (10%);

- Түркия – 1 454 адам (10%).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел мамандарын тартуға биылға 22 260 квота бөлді.

Айта кетейік, елімізде мигранттар еңбегін заңды пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.

Мигранттар ең көп еңбек ететін салалар:

- құрылыс саласы – 5 204 адам (35%);

- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%);

- тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%);

- өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%);

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6% ).

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат):

- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат (екінші санат).

Сырттан тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – сәйкесінше 6 598 және 833 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 940 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте