Мадияр Кембілов футболдан ҚР әйелдер құрамасына бас бапкер болды

Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР футбол федерациясы хабарлайды.

М.Кембілов бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының ​​бас бапкері міндетін қатар атқарады. Бұған дейін бұл қызметте ресейлік маман Александр Семенов болған еді.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша отандық команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте