Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Бүгін таңғы сағат 6 шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС «Сұңқар» кемесінің экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды», - делінген баспасөз мәліметінде.
Қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, оларға медициналық көмек көрсетілген.
Еске салсақ, кеше Каспий теңізінде үрмелі матрасқа мінген үш қыз іздестіріліп жатқанын жазған едік. Құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.
Вам может быть интересно: «Ремонт западной стороны проспекта Саина в Алматы завершен, движение открыто»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes