Астана әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы сотқа тартылды
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлық қылмысына барды деп айыпталуда, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген мәліметте.
Вам может быть интересно: «Цифровую топливную карту теперь можно добавить в электронные кошельки Apple и Google»