Сенаторлар ШҚО шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті

Парламент сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында болды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Сенаторлар сапар барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылай келіп, Палата жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Аудандағы шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуде олардың сұрақтарын тыңдады және ауыл шаруашылығы саласы бойынша қаралып жатқан заң жобалары туралы айтып берді.

Депутаттар Шемонаиха ауданындағы кездесулерде көтерілген барлық проблемалық мәселелер назарда ұсталатынын атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте