Қазақстандықтар 8,9 млрд теңге зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген

Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беруді қалаған қазақстандықтар арасында ең белсенді тұрғындар – алматылықтар. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлайды.

«Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 2021 жылдың 18 ақпанынан бері 8,9 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 5 9991 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңгені құрайды.

Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беруге болатын 5 компания анықталған болатын - «JUSAN INVEST» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ.

Зейнетақы жинаған ИПБ-ларға ең көп аударған тұрғындар – алматылықтар, 2218 өтінім мақұлданған. Аударылған сома – 4 172 млн. теңге.

Екінші орында – Астана тұрғындары, 1 415 өтінім мақұлданды, аударылған сома – 2 141 млн. теңге. Үшінші орында – Атырау облысы, 316 өтінім мақұлданды, аударылған сома – 433 млн теңге.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте