Во взятке в 10 млн тенге подозревают замруководителя управления цифровизации в Туркестанской области
Түркістандық оқушы пультпен басқарып, жылжытуға болатын «ақылды сөмке» жасап шығарды, оны қисық жол мен шоқалақтан да оңай өткізуге болады, деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.
Жалпы білім беретін «Төрткүл» орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек өзі ойлап тапқан сөмкені сабаққа ұстап, көпшілік қауымды таңқалдырды.
Оның бұл инновациялық идеясы мұқтаждықтан туған көрінеді. Бір жыл бұрын жол апатына түскен Айтуарға күрделі ота жасалған. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тыйым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Ал сабақтан қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығар жол іздеп тапқан.
«Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін, одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барамын. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектеседі», - дейді Айтуар.
Айтуардың бұл идеясын анасы да қолдап, дизайнына мән берген. Ұлы ойлап тапқан тапқан сөмкенің сырт пішінін жасауға көмектескен. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені одан әрі дамыту үстінде, сатыдан өзі шығатын механизм жасап, өнімін сатылымға шығару да ойында бар.
Вам может быть интересно: «По делу блогера Блиновской арестовали более 100 млн рублей, валюту и золотые монеты»